Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті – видео

Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті – видео
Фото: alataunews.kz

Алматыда оқитын үндістандық студент Қапшағайда суға батып кетті, – деп хабарлады Alataunews.kz.

Қаза тапқан студенттің жерлесінің айтуынша, студент Хайдарабад қаласынан келген. Ол – Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті. Суға бата бастаған сәтте достарын көмекке шақырған. Алайда оны ағыс судың ортасына қарай алып кеткен. Бас-аяғы жарты сағат шамасында судың толқыны мәйітті жағаға шығарып тастаған.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.

 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Ақсу өзеніне ағып кеткен Үндістаннан келген студенттердің мәйіті іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.