Солтүстік Қазақстанда 9 жастағы баланы ағашқа байлап, тастап кеткен ер адам ұсталды

Солтүстік Қазақстанда 9 жастағы баланы ағашқа байлап, тастап кеткен ер адам ұсталды
Фото: weproject.gcdn.co

Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында 48 жастағы ер адам 9 жастағы баланы ағашқа байлап, тастап кеткен.

Полиция департаментінің мәліметінше, 28 маусым күні Бәйтерек ауылының тұрғыны шағымданған. Ол ер адам 9 жасар немересін ағашқа жіппен байлап, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтты.

Оқиға орнына барған полицейлер психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 48 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.

Ер адам қазір психикалық емдеу орталығында жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.