Солтүстікте WhatsApp-та «статусына» дін туралы фото қойған тұрғынға айыппұл салды

Солтүстікте WhatsApp-та «статусына» дін туралы фото қойған тұрғынға айыппұл салды
Фото: dp__sko

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, WhatsApp-тағы діни статусы үшін айыппұл салды.

«Ғабит Мүсірепов ауданының 39 жастағы тұрғыны WhatsApp-та бір ай бойы діни материалдар мен суреттер салған. Бұл әрекет құқықбұзушылық болып саналады. Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналып, аудандық сотқа жолданды», –  делінген ресми хабарламада.

Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соттың қаулысымен ауыл тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша («Діни сипаттағы материалдарды тарату»») құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 35 айлық есептік көрсеткіш (107 205 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Аймақта жыл басынан бері діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 адамды әкімшілік жауапқа тартты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.