Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Фото: u-f.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында жазды.

«Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп отыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.