Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: saryarqanews.kz
1,875
оқылды
«Қазгидромет» 9, 10 және 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып отыр. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.  Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. «Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +30+38 градус, оңтүстік-батыста + 30+41 градус, солтүстік-батыста + 22+33 градус, солтүстікте, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасы + 17+25 градустан +23+31 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29 градустан +23+32 градусқа дейін жоғарылайды деген болжам бар. Оңтүстікте ауа температурасы +27+35 градус болады деп күтіледі», – делінген хабарламада.