Серік Ахметов Жоғарғы Соттан өзін ақтауды талап етті
Серік Ахметов Жоғарғы Соттан өзін ақтауды талап етті
Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Серік Ахметов мемлекеттік органдарға хат жолдады. – Маған тағылған барлық айып бойынша ақтап, жала жауып, істі қолдан ұйымдастырғандарды жауапқа тартуды Жоғарғы Соттан талап етемін, – дейді Серік Ахметов. Оның айтуынша, шенеуніктің қызметтен кетуі Антикордың бұрынғы қызметкері, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельдің басқаруымен істелген екен.