Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, Саудакент ауылында 9-сыныпты тәмамдаған оқушылар үйленген. 15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен. Жамбыл облысындағы бұл жағдайды арнайы комиссия тексеретін болады.
"Комиссияның шешімінен соң толық мәлімет белгілі болады. Ал олардың ата-аналарына қатысты материалдар кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі", - дейді білім басқармасындағылар.Оқушыларды мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз.