Көлгінов Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Көлгінов Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
© el.kz
719
оқылды

ӨЕлорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді. 

«Тарихи шешім қабылданды. Енді менің жеке пікірімді сұрайтын болсаңыздар, тарихты бұрмалауға болмайды. Қазір ресми түрде қаламыздың аты – Нұр-Сұлтан. Бәріміз сол Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, жұмыс істеп жатырмыз», - деді Алтай Көлгінов брифингте журналистерге.
2019 жылдың 23 наурызында Мемлекет басшысы Астана қаласын - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.