«Алтын Орда» базарындағы төбелестен соң комаға түскен жігіт қайтыс болды
«Алтын Орда» базарындағы төбелестен соң комаға түскен жігіт қайтыс болды
Фото: almaty.tv
14,692
оқылды
"Алтын Орда" базарында ұялы телефон ұрлығы үшін болған төбелестен кейін комаға түскен 23 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды. Марқұмның артында жүкті әйелі қалды. 
"Науқас 14 маусым күні кешкісін ағасымен бірге ауруханаға келді. Ол "Алтын Орда" базарындағы төбелестен жарақат алғанын жеткізді. Толық тексеру жүргізіліп, басына КТ жасалды. Науқасқа сол жақ беті сүйегінің сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы және мұрынның қисаюы диагнозы қойылды. Мекемеге жақ-бет хирургтары, невропатологтер шақырылды. Ісінуге қарсы ем-шара жүргізілді. Науқас жақсарған соң 20 маусымда ауруханадан шығардық", - деді A Class Medical баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжан Қойшыбаева.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 маусымда науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына түсіп, бүгін, 8 шілдеде таңертең қайтыс болды. Өңірдің полиция департаменті жәбірленушінің қайтыс болуын ескеріп, қылмыстық істі қарау бабын өзгерту туралы мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті.
"Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы ("Тонау") бойынша  қылмыстық іс қозғалған. Тергеу материалдарында жәбірленуші ретінде Талғар ауданының 23 жастағы тұрғыны болған, ол осы уақытқа дейін ауруханада емделіп жатты. Бүгін таңертең жәбірленушінің қайтыс болғаны анықталды. Осыған байланысты қосымша тергеу іс-әрекеттері ұйымдастырылды, оның нәтижесінде қылмыстық істі қайта саралау туралы мәселе қаралатын болады",-деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=MibKFa-WiQI