Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: қылмыстық топтың 3 мүшесі жолда ұсталды
Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: қылмыстық топтың 3 мүшесі жолда ұсталды
410
оқылды
Елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және ұзақ уақыт бойы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде елорда аумағына аса ірі көлемде есірткі заттарын жеткізіп, сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлерінің үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында елордаға кіре берісте Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында 36 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Еstima маркалы автокөлік ұсталды, оның салонынан салмағы 16 келіден асатын “гашиш” тәркіленді. Көліктің ішінде қылмыстық топтың 23 жастағы ұйымдастырушысы мен 20 жастағы сыбайласы болған. Күдіктілер бұл затты Шу қаласынан әкеліп, елордада сатпақ болған. Есірткі құралдарының бағасы “қара нарықта” 16 миллион теңге болар еді. Сондай-ақ арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тасжолда 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Camry 50 маркалы автокөлікті тоқтатып, одан жеке тінту барысында “гашиш” тәркіледі. Жүргізілген операцияның нәтижесінде заңсыз айналымнан 16 келіден астам “гашиш” есірткі заты тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігімен “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу” сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар қамауда, тергеу жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, елордаға есірткі құралдарын әкелуге жасалған барлық әрекеттердің жолы қатаң түрде кесілетін болады. https://www.youtube.com/watch?v=pkEI4OKQBKk