Күйеуін қызғанған әйел көршісінің үйін өртеп жіберген
Күйеуін қызғанған әйел көршісінің үйін өртеп жіберген
Павлодар қаласының тұрғыны күйеуін көршісінен қызғанып үйін өртеп жіберген. Әйел адам осылайша кек алуды көздепті. Азаматтық некедегі күйеуін қызғанған ол бір түнде үйге екі рет от қойып, екі баласы бар әйелді өлтірмек болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Енді тілсіз жаудан аман қалған жәбірленуші қаскүнем көршісін жазалауды талап етіп отыр. 41 жастағы Ольга Пархоменко екі баласы және әжесімен бірге тірідей жанып кетуге сәл қалған. Себебі, азаматтық некедегі күйеуін қызғанған көршісі оның үйін қасақана өртеп жіберген. Кең жайлы баспанасы қазір астаң-кестеңі шығып жатыр.
«Татьяна мені түсінбеген сыңайлы. Үйден дүкенге дейін оның жігітіменбірге бардық. Ары қарай өз жолымызбен кеттік. Ертесіне маған Татьяна келіп, қызғанатынын айтып, үйіңді өртеп жіберемін деді», - дейді жәбірленуші Ольга Пархоменко.
Ольга көршісінің күйеуін тартып алу туралы мүлде ойы жоқ екенін айтады. Сондықтан қызғаншақ келіншектің бұл әрекетін түсінбей дал. Айтуынша, бірінші шыққан өртті өзі өшірген. Екінші мәрте қойылған отты өшіруге ұзақ уақыт кетіп, бір ажалдан аман қалдық дейді. Ал, Татьяна болса журналистермен сөйлесуден мүлдем бас тартты. –
- Біз телевидениеден хабарласып тұрмыз. Осы мәселеге қатысты пікіріңіз керек еді?
- Мен сұхбат беруден бас тартамын.
Отқа оранған баспана қайта қалпына келтіруге жарамайды. Сондықтан далада қалған жәбірленуші екі баласы және әжесін алып туыстарын жағалап жүр. Киімі, жиһаздары мен тұрмыстық техникасының бәрі өртеніп кеткен. Қызыл жалын тұтанғанда сыртқа алып шыққан құжаттары ғана аман екен. Қазір осы оқиға бойынша полицейлер іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 204-бабы бойынша яғни, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады», - деп көрсетті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабекова.