Жаңа оқу жылынан бастап қазақ мектебінің бірінші сыныбына барған балалар тек қазақ тілінде білім алады. Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.
Министр 1 қыркүйектен бастап білім саласына енгізілетін жаңалықтарды хабарлады. «Мұның алдында бірінші сыныпқа барған бала ағылшын тілінің әліппесін оқу керек болды. Орыс тілінің әліппесін, қазақ тілінің әліппесін оқу керек болды. Бұл 6 жастағы бала үшін қиын. Баланы дамыту үшін ана тілін үйретіп алған өте маңызды. Біз сол шешімді қабылдадық. Биылдан бастап қазақтілді мектепке барған балалар тек қаза тілінде жазып, үйренетін болады», – деді Асхат Аймағамбетов.