Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
© inbusiness.kz
873
оқылды
Қостанай облысында автокөлік жылқыға соқтығысып, екі адам қаза тапты. Полицейлер «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
«Түнгі сағат бір шамасында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолының 134-ші шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Шетелдік көлік жүргізушісі жылқыны соқты. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады полициядан.
Жылқының иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзу кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары күре жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
«Жүргізушілерге тағы да үндеу жолдаймыз: жолда абайлап жүріп, қырағы болыңыз, жол ережесін сақтаңыз, адамдардың өмірі соған байланысты», – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.