Соңғы тәулікте Қазақстанда 500-ге жуық тұрғын инфекция жұқтырды

Соңғы тәулікте Қазақстанда 500-ге жуық тұрғын инфекция жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 477 жағдай тіркелді. Осымен елімізде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 1 309 434 адамға жетті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Жоғарыдағы бүгінгі көрсеткішті тарқататын болсақ,

Нұр-Сұлтан қаласында – 120,

Алматы қаласында – 165,

Шымкент қаласында – 44,

Ақмола облысында – 14,

Алматы облысында – 40,

Шығыс Қазақстан облысында – 1,

Жамбыл облысында – 17,

Батыс Қазақстан облысында – 4,

Қарағанды облысында – 34,

Қостанай облысында – 7,

Қызылорда облысында – 9,

Маңғыстау облысында – 5,

Павлодар облысында – 5,

Солтүстік Қазақстан облысында – 5,

Түркістан облысында  7 азамат ауырған.

Көріп отырғанымыздай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет тағы өрши бастады.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 168 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Оның ішінде,

Нұр-Сұлтан қаласында – 30,

Алматы қаласында – 124,

Алматы облысында – 9,

Жамбыл облысында – 4,

Қарағанды облысында  1 адам тұрады.

Елімізде барлығы 1 293 322 адам  COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.