Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 477 жағдай тіркелді. Осымен елімізде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 1 309 434 адамға жетті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Жоғарыдағы бүгінгі көрсеткішті тарқататын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 120, Алматы қаласында – 165, Шымкент қаласында – 44, Ақмола облысында – 14, Алматы облысында – 40, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 17, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қарағанды облысында – 34, Қостанай облысында – 7, Қызылорда облысында – 9, Маңғыстау облысында – 5, Павлодар облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Түркістан облысында 7 азамат ауырған. Көріп отырғанымыздай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет тағы өрши бастады. Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 168 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 30, Алматы қаласында – 124, Алматы облысында – 9, Жамбыл облысында – 4, Қарағанды облысында 1 адам тұрады. Елімізде барлығы 1 293 322 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.