Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонда топ жарғаны үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жеңіс үшін қазақстандық теннисші 2 миллион фунт стерлинг (1 миллиард теңгеден көп) сыйақы алды. Айта кетейік, кеше Уимблдон финалында 23 жастағы Рыбакина әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жаберді жеңген болатын.