Қарағанды ​​облысында көлік өзенге түсіп кетіп, екі адам мерт болды
Қарағанды ​​облысында көлік өзенге түсіп кетіп, екі адам мерт болды
Қарағанды​​-Қарқаралы тасжолында көлік өзенге түсіп кетіп, екі адам қаза тапты. Аймақтағы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 шілдеде сағат 18.15 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тасжолдың 34-шақырымында болған. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы да тарады. Кадрлардан бір топ адам құтқарушылар келгенге дейін көлікті судан шығаруға әрекеттенгенін байқауға болады. Олар көлікті арқанның көмегімен судан шығармақ болған. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, өзенге құлаған Audi-80 көлігін 56 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Алдын ала болжам бойынша, ол рөлді басқара алмай, өзенге аударылып қалған.
"Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияға тіркеліп, қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешімдер қабылданады", – деді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД баспасөз қызметі өкілдері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Темиртау | Казахстан (@temirtau.city)