Өзбек "Құбыжықтың" жекпе-жегі мүлде күтпеген нәтижемен бітті
Өзбек "Құбыжықтың" жекпе-жегі мүлде күтпеген нәтижемен бітті
864
оқылды
Бірінші орта салмақтағы өзбекстандық проспект Исраил Мадримов франциялық Мишель Соромен қарымта жекпе-жек өткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Былтыр желтоқсанда өткен бірінші кездесуде "Құбыжық" лақап атты Исраил тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген. Головкиннің ізбасары атанған өзбек нокаутшы қарсыласының қабырғасын сындырып жіберді Осы жолы Ұлыбританияда өткен айқаста мүлде күтпеген жағдай болып, жеңілмеген Мадримовтың статистикасы бұзылды. Үшінші раундта Сороның қабағы жарылды да, қан тоқтамады. Төреші дәрігерлер ұсынысын негізге ала отырып, жекпе-жекті тоқтатты. Ал боксшылар техникалық тұрғыда тең түсті деген шешім қабылданды. Бұл Мадримовтың кәсіпқойдағы тоғызыншы айқасы, мұның алдындағы сегізінің бәрінде жеңген (6 нокаут).