Нұр-Сұлтандағы жанармайдың қоры 16 күнге ғана жетеді
Нұр-Сұлтандағы жанармайдың қоры 16 күнге ғана жетеді
249
оқылды
Елімізде ай сайын 70 мың тонна АИ-95 маркалы бензині қолданылады, – деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна, ай сайынғы тұтыну көлемі 70 мың тоннаны құрайды, – деген хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі. Ақпаратта айтылғандай,  бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы бензин қоры 16 күнге жетеді. Егер жанар-жағармай құю бекетінде бензин сатуға қатысты шектеу болса, оның мән-жайын сол жерден сұрау керек, – дейді ведомстводан. Бұған дейін Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасына мемлекеттік реттеу тәртібін өзгертуді ұсынған болатын. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №361 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Осылайша, АИ-80 маркалы бензиннің шекті бағасы 1 литрі 89 теңгені құрайды; АИ-92 және АИ-93 бензині Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литрі 187 теңге, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында  1 литрі 182 теңге болып белгіленді. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – 1 литрі 260 теңге. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында   1 литрі 230 теңгені құрайды. Ал АИ 95 және қысқы дизель отынының бағасын реттеу қолданылмайды. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік 180 күн ішінде қолданылады. Яғни, мұндай бағалар 2023 жылдың қаңтар айының басына дейін бекітілді.