Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) 61 жастағы тұрғыны өз бөлмесінде асулы күйі табылды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Белгілі болғандай, марқұм қарттар үйінің тұрғыны - екінші топтағы мүгедек. Ер адам 2008 жылдың 8 ақпанында Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп түскен.
Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Биылғы мамыр айында ол облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем алды. Оралда тұратын балалар бар, - деп нақтылады орталықтағылар.