Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германияда өткен ITF W100 жарысында жеңімпаз атанды, – деп жазады inform.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жұптық сында Анна Данилина нидерландтық Арианне Хортономен жүлде қоры 100 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің бірінші ракеткасы ретінде тіркелді.

А.Данилина мен А.Хортоно финалда үндістандық Анкита Райна – нидерландтық Ван Дер Хукпен бас жүлде үшін кортқа шықты. Тартысты бәсекеде екеуі 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 42 минутқа созылды.
Осылайша, Анна Данилина жұптық сында 27-інші, биылғы маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді.
Осыған дейін Елена Рыбакинаның тұңғыш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.