Шымкентте сауда орталығында жұмыс істейтін кәмелеттік жасқа толмаған қыз қаза тапты

Шымкентте сауда орталығында жұмыс істейтін кәмелеттік жасқа толмаған қыз қаза тапты

Шымкентте сауда орталығында кәмелеттік жасқа толмаған қыз қаза тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті хабарлады. 3 шілдеде жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталығында кәмелетке толмаған қыз қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды. Оны электр тогы соққан. Факті Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.