Қазақстанда бір тәулікте 454 адамнан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 837 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бір тәулікте елде 454 тұрғын коронавирусқа шалдықты. 14 науқастың халі нашар. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 118, Алматы қаласында – 200, Шымкент қаласында – 23, Ақмола облысында – 7, Алматы облысында – 30, Атырау облысында – 16, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Жамбыл облысында – 17, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 11, Қостанай облысында – 3, Қызылорда облысында – 12, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында – 3. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 309 888-ге жетті.