Жамбылда «Жас маманның» 171 миллион теңгесін жымқырған – агенттік
Жамбылда «Жас маманның» 171 миллион теңгесін жымқырған – агенттік
Фото: easyfitness.one
654
оқылды
Жамбыл облысында жас мамандарға арнап бөлінген қаржы қолды болған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. «Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты – колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Қазір осы фактіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр»,  – делінген агенттік хабарламасында. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Жамбыл облысында құрылғы жөндеп жатқан «Қазфосфаттың» екі жұмысшысы қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.