Түркістан облысында жұмыс берушінің квадроциклін сатып жіберген шопан ұсталды

Түркістан облысында жұмыс берушінің квадроциклін сатып жіберген шопан ұсталды

Оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жергілікті тұрғын қойшысына берген квадроциклді таппай қалған, – деп жазады zakon.kz. Әйелдің арызы негізінде полиция жедел әрекет етіп, ұрыны ұстады. Күдікке ілінген шопанның ұрлыққа қатысы барын анықтады. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 500 мың теңгеге жуық. Шопан квадроциклді сатып, ақшасын жеке басының пайдасына жаратып жіберген. Әйелдің қойын баққан ер адамды қамауға алып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін фермер қол астындағы жұмысшысын Lexus-470 көлігімен таптап өткенін жазған болатынбыз. Шопанның жауырыны мен 9 қабырғасы сынып, әйелі араша сұраған еді.