Спорт клубтарын ашуға 10 грант бөлінді
Спорт клубтарын ашуға 10 грант бөлінді
685
оқылды
2022 жылғы 30 маусымда DAR компаниялар тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық және балалар спортына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туралы Жолдауын қолдау мақсатында Қазақстан бойынша спорт клубтарын ашу немесе дамыту бойынша арнайы гранттық бағдарламаны іске қосты. Бүгін DAR компаниясы аталмыш бағдарламаға қатысу мерзімін ұзартты. Гранттық бағдарламаға қатысуға өтінім мен құжаттар 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін электронды түрде жалғасатынын хабарлайды. Іріктеу және байқау 11 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді. Өтінімді https://dar.io/grants сайтында беруге болады және барлық талаптар осы сайтта толыққанды жазылған. Гранттық бағдарламаға спорт клубтары ретінде қызмет көрсетуге құқығы бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады. спорт
Грантқа қатысу үшін қажетті негізгі құжаттар тізімі келесідей: Спорт бағдарламасы Бизнес-жоспар Жылжымайтын мүліктің (спортзалының) заңды құжаттары