Мәжіліс депутаттары «Заманауи мектеп» жобасының орындалу барысымен танысты
Мәжіліс депутаттары «Заманауи мектеп» жобасының орындалу барысымен танысты
475
оқылды
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Анатолий Бойчин және Вера Ким «Заманауи мектеп» жобасын іске асыру аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ақсу қаласындағы №4 білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл мектеп 1967 жылы салынған. Бүгінде екі мердігер ұйым толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Мәжіліс депутаттары жаңалау кезінде, әсіресе өрт қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударды. мәжіліс Білім беру мекемелеріне қатысты жалпы ақпаратты алға тарта келіп, Анатолий Бойчин:
– Өткен аптада біз Ертіс-Баян өңірінің бірнеше ауданына барып, мектептерді жөндеу жұмысын көрдік. Балалардың жан-жақты дамуы үшін футбол және баскетбол алаңдары, көше тренажерлері, ойын алаңдары сияқты қосымша нысандар салынатыны қуантады. Мектептердегі  жөндеу жұмыстары депутаттар мен партия өкілдерінің бақылауында болады, –  деді.
Білім басқармасы басшыларының айтуынша, заманауи мектепте тек қана күрделі жөндеу емес, сонымен қатар жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, мұғалімдерге де, оқушыларға да қажетті жағдай жасалатын болады. Жалпы, 2025 жылға дейін облыстың 82 мектебінде «Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, «AMANAT» партиясының сайлауалды платформасы негізінде ауылдық 54 мектепте қайта жабдықтау жұмысы жүргізілмек.