Головкин бокстан қашан кететінін айтты

Головкин бокстан қашан кететінін айтты
© sport.kg

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әзірге карьерасын аяқтау туралы ойлап жүрмегенін айтады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

17 қыркүйекте GGG мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) екінші орта салмақта абсолют чемпионы атағы үшін айқасады.

«Айту қиын. Мен жоғары деңгейдегі боксты көрсете алмай қалғанға дейін жалғастырамын. Денем толықтай тоқта демейінше жалғастыра беремін. 160 фунтта белбеулерім бар, сондықтан алдағы жекпе-жекте жеңем бе, жеңілемін бе, бұл менің бокстан кетуіме себеп болмайды. Мәселе – өзіңмен әділ болу, өз ойыңды тыңдап, сезіміңмен санасу. Ол тоқта дегенде тоқтаймын», – деді 40 жастағы Головкиннің сөзін Bleacher Report.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.