Шымкентте ер адам 60 дүкеннің сатушысын алдап кеткен
Шымкентте ер адам 60 дүкеннің сатушысын алдап кеткен
© tengrinews.kz
2,665
оқылды
Шымкентте қайырымдылық қорының мүшесімін деп 60 дүкеннен ақша жымқырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Абай АПБ-на “102” сымтетігі арқылы қайырымдылық қорының өкілі арызданған. Ол өз шағымында қордың атын жамылған белгісіз азаматтың 60 сауда нүктесінде орналасқан жәшіктердегі қаражатты заңсыз жолмен иеленгенін көрсетті. Яғни, ол сатушыларға өзін аталған мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, сеніміне кіріп, 300 мың теңгеге жуық ақшаны жымқырған. Шағым түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жалдамалы пәтердің бірінен ұсталып, қамауға алынды. Қазір аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.