Мемлекет басшысы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.