Ресейде Қазақстан паспортын алу мерзімі қысқартылды
Ресейде Қазақстан паспортын алу мерзімі қысқартылды
Фото: gov.kz
812
оқылды
Ресейде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды, –деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 2022 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды.
«Аталған жоба Ресейде тұрып жатқан қазақстандық азаматтарға Қазан, Омбы, Санкт-Петербург және Астрахан қалаларындағы ҚР консулдық мекемелері арқылы паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде ресімдеуге мүмкіндік береді», – делінген ведомство хабарламасында.
Бүгінде электронды құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.), Жапония (Токио қ.) мен Түркиядағы (Анкара, Ыстанбұл, Анталья қалалары) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.