Ресейлік сот Каспий құбыр желісі жұмысын тоқтату туралы шешімді өзгертті
Ресейлік сот Каспий құбыр желісі жұмысын тоқтату туралы шешімді өзгертті
© inform.kz
4,296
оқылды
Ресейдің Краснодар облыстық соты дүйсенбіде өткен отырыста төменгі инстанцияның Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысын тоқтата тұру туралы шешімін 200 мың рубль айыппұлға өзгертті, – деп хабарлады РИА Новости.
Бұдан бұрын Новороссийскінің Приморский аудандық соты экологиялық бұзушылықтарға байланысты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қызметін 30 тәулікке тоқтатқан еді. Компания шешімнің орындалуын тоқтата тұру туралы өтініш жіберді.
"Приморский аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі КҚК қызметін әкімшілік тоқтата тұру туралы қаулысы өзгертілсін. Жаза 200 мың рубль көлеміндегі айыппұлмен алмастырылсын", – деді судья.