Мәжіліс депутаты жол мәселесі шешімін табатынын айтты
Мәжіліс депутаты жол мәселесі шешімін табатынын айтты
293
оқылды
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповскихтің Сыр өңіріндегі жұмыс сапары Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылдық округінде жалғасты. Мұнда халық қалаулылары жергілікті тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелермен танысты. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік  маңызды бастамалар турасында әңгімеледі. Ақмая ауылдық округінде 3 000-ға жуық тұрғын бар. Жергілікті халық негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік жерлерінің басым бөлігі «Батыс Қытай –Батыс Еуропа» дәлізінің арғы бетінде қалған ауыл тұрғындары егін мен мал азығын тасымалдағанда көршілес ауданға қарасты ауыл мен аудан орталығынан айналып өтуге мәжбүр.  Уақытты айтпағанда, бұлай қатынаудың шығындары да шаш етектен. Ел тұрғындарының өтінішін тыңдаған Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл  бұл мәселе бойынша құзырлы органдармен нақты жұмыс жасалғанын, жақын арада  түбегейлі шешім табатынын атап өтті.  width= Кездесу барысында жер мәселесі де сөз болды. Мәселен, ауыл ақсақалы Асқар Жұмаділов ауыл тұрғындарына пай үлесіне берілген жерлер қалаға көшіп кеткен азаматтардан қайтарылып алынып, жергілікті халыққа пайдалануға берілсін деген ұсынысын жеткізді. Тақырып төңірегінде мәжілісмен Геннадий Шиповских «AMANAT» партиясы жанынан арнайы құрылған «Жер аманаты» комиссиясының жұмыс нәтижесінде  бүгінде  140 мың гектарға жуық пайдаланусыз жатқан жайылым  жерлер мемлекет меншігіне қайтарылғанын, бұл жұмыстар барлық өңірлерде қолға алынатынын айтты. – Бұдан бөлек, «Жер аманаты» жедел желісі жұмыс істейтін болады. Еліміздің кез келген тұрғыны жедел желіге қосылып, өзінің сауалына жауап ала алады. Жер мәселесі «AMANAT» партиясының тікелей бақылауында тұр,– деді халық қалаулысы. Сонымен қатар кездесу барысында жұмыссыздыққа, әйел азаматтардың зейнет жасына қатысты сұрақтар көтеріліп, нақты жауап алынды.