Қостанай облысында пойыз бен көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Қостанай облысында пойыз бен көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
487
оқылды
Жол-көлік оқиғасы 11 шілдеде Қостанай облысының Тобыл-Құсмұрын учаскесінің Притобольская станциясының теміржол өткелінде болды. Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері пойыздың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жағдайды түсіндірді.
«65 жастағы жүргізуші «ВАЗ» маркалы көлігін тізгіндеп келе жатып, теміржолда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болған. Жүк пойызымен соқтығыс салдарынан автокөлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты», - деді ведомстводан.
Полиция жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.