Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды
Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды
Шымкентте отбасылық кикілжіңнің соңы кісі өлімімен аяқталды. Кикілжің барысында әйел жұбайына пышақ жарақатын салған. Бұл туралы Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабар берген. Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, болған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.