Қазақстан мемлекеттік шекарадағы 12 көлік өткізу бекетін ашады
Қазақстан мемлекеттік шекарадағы 12 көлік өткізу бекетін ашады
172
оқылды
ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресеймен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу туралы шектеудің көзін жою туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мынадай автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:
  • - Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);
  • - Өзбекстан Республикасымен (Целинный және Сырдария) шекара арқылы.
«Бұл ретте, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында азаматтарға уақытылы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан не ревакцинациядан өтуді ұсынады» делінген хабарламада.