Бұрынғы билік партиясының жастар проблемаларын солардың өз аузынан естуге талпынуы – партия басшылығының дұрыс қадамы деп білемін. Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру жолында кедергі болып тұрған, қазақ жастарының екі үлкен мәселесі бар. Оның бірі – жоқшылық. Жұмыссыздық, баспанасыздық, аз жалақы – қаңтарда жастарды көшеге шығарған ең үлкен проблема осылар еді. Бұлар – ең қауіпті жау. Кейбір деректер бойынша, еліміздегі аз қамтылған халықтың саны 2 миллиондай. Алға жылжығымыз келсе, осымен күресу керек. Жастардың тағы бір жауы – жемқорлық. Жемқорлық жастардың ырысын жейді. Оларға бөлінген қаражат 162 адамның қалтасында кетті де, миллиондаған жас жұмыссыз, баспанасыз қалды. Осы екі үлкен жауды жеңе алсақ, болашағымыз жарқын болады. Ал Мағжан ақын жырлаған «көзінде от, сөзінде жалын» бар жастар барда мен ол күннің келеріне кәміл сенемін.
Смағұл ЕЛУБАЕВ, жазушы