«Астана Опера» маусымын аяқтамақ

«Астана Опера» маусымын аяқтамақ

«Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың «Парижден кәдесый» авторлық бағдарламасы 14-15 шілдеде «Астана Операның» IX театрлық маусымын аяқтайды. Бұл концерт тыңдарманға бір гала-опера аясында жиырмадан аса танымал, сондай-ақ француз композитор­ларының өте сирек орындалатын жау­һар­ларымен танысуға мүмкіндік береді. Барлық шығарма XIX ғасырдағы фран­цуз мәдени өмірімен өзара тығыз байланысты.

«Бұл жоба – XIX ғасырдың француз романтикалық операсы секілді шоқты­ғы биік мәдени құбылысты бүкіл кеш бойы қамтуға жасаған шығармашылық талпыныс. Бұл ұғымның кеңдігі сонша, осынау жалпыланған терминнің ішінде ол көптеген бағыттарға бөлінеді. Гуноның «Фауст», Бизенің «Кармен» немесе Делибтің «Лакме» секілді үш атақты француз операсын атасақ та, олардың романтизм, реализм және ориентализм секілді түрлі ағымдарды білдіретінін көреміз. Концертімізде ұсынылған барлық композиторды жоғары талғамға, тапқырлыққа, кемел­дікке, мәнер көркемдігіне, әуен әсем­дігіне, драмалық көріністердің көз­тартар­лығына, әуенді әрі үйлесімді ай­налымдардың төлдаралығына құш­тар­лық біріктіреді», – дейді Алан Бөрі­баев.

Асыл ТҰМАР