12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: aqmolanews.kz
178
оқылды
  1. «Қазгидромет» 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Таулы өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Нөсер жаңбыр жауады.
Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі. Күндіз еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Тек қана батыс пен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.