Қостанайда бір топ ер адам қаланың қақ ортасында үш адамды сүзген сиырды ұстады – видео
Қостанайда бір топ ер адам қаланың қақ ортасында үш адамды сүзген сиырды ұстады – видео
Фото: Видеодан скриншот
606
оқылды
Қостанайда қаланың қақ ортасында сиыр ең кемі 3 адамды сүзген. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады. Сиыр союға алып бара жатқан көліктен секіріп түсіп қалғаны белгілі болды. Қаланың шуынан үріккен сиыр айнала жүгіріп, жолында кездескендерді жайпап өте шыққан.   https://youtu.be/n8XtL8bCgqY Видео: "Костанайские новости"-ден алынды Осылайша, қаланың тең жарымын шарлапты. Ақырында оны бірнеше ер адам мен полицейлер оқу орнының ауласында ұстады. Сиырды тексерген ветеринарлар оның Әулиекөл тұқымына жататынын, дені сау екенін анықтады. https://youtu.be/7R-o3My5iL4 Видео: "Костанайские новости"-ден алынды Күллі қаланы дүрліктірген сиыр әрі қарай ет комбинатына жөнелтілді.