Доллар бағамы 8,12 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 8,12 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге. Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге. Айта кетейік, кеше Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандады.