Алматыда шектеу шаралары күшейтілді

Алматы
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы қаласының әкімдігі коронавирус инфекциясы таралуын болдырмас үшін шектеу шараларының күшейтілгенін хабарлады. 

Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды:

- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру;

- вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру;

- жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.

«Әзірге бетпердені тағу ұсыныстық сипатқа ие», - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматы 4  шілдеден бері эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары» аймақта тұр. Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қоғамдық көлікте, әуе және теміржолмен сапар барысында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жабық орындарда (сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар, банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.) бетперде кию ұсынылды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.