Елена Рыбакина өзінің паспортын көрсетіп, Қазақстан азаматы екенін айтты
Елена Рыбакина өзінің паспортын көрсетіп, Қазақстан азаматы екенін айтты
© azattyq-ruhy.kz
593
оқылды
Уимблдон финалында жеңіске жетіп, сенсация жасаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күні кеше ғана елге оралып, бүгін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиынында журналистердің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Спортшы жаттығуы мен жарыстарының көп болуына байланысты әзірге тұрғылықты жерде тұрмайтынын мәлімдеді.
«Мен Қазақстан азаматымын. Бұған дейін талай мәрте айтқанымдай, өкінішке қарай шамамен екі жыл бойы ешбір жерде тұрақты түрде тұрмаймын. Апта сайын бір қонақ үйден екіншісіне көшіп жүруге мәжбүрмін. Бірде жаттығуларда болсам, бірде жарыстарда жүремін. Сондықтан да тұрақты үйім бар деп айта алмаймын», – деді Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина.
Елена Рыбакинаға мемлекет тарапынан Уимблдондағы жеңісі үшін сыйақы қарастырылмаған. Спортшының өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартты. Бұған дейін  қазақстандық теннисші Елена Рыбакина  Уимблдон турнирінде  тарихи жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.