Қарағандыдағы дүкенде қантқа таласқан жұртты полиция жөнге салды
Қарағандыдағы дүкенде қантқа таласқан жұртты полиция жөнге салды
© tolqyn.kz
373
оқылды
Қарағанды қаласында қантқа таласқан тұрғындар дүкенде шу шығарып, сатушы полиция шақыруға мәжбүр болған, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті. 
"Сағат 10.00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық ПБ кезекші бөліміне "Аян" супермаркетінде сатып алушылар шу шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды", – деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшыларын сатушы шақырған. Дүкен әкімшісінің айтуынша, қант сату кезінде ұзын-сонар кезек пайда болып, кейбір сатып алушылар бұл өнімді белгіленген мөлшерден артық алуға тырысыпты. Полиция қызметкерлері жанжалдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.