Желіде Ақтау жағалауында баланың итбалыққа тас лақтырып жатқаны түсірілген видео жарияланды. "Лада" мәліметінше, тұрғындар осы итбалықты бір күн бұрын видеоға түсіріп алған. Жануар күн сәулесінде шамамен 40 минут болып, содан кейін суға оралып, жүзіп кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=jjvYsOSOfA8&feature=emb_title Экология министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«2022 жылғы 11 шілдеде Каспий итбалығы Ақтау қаласындағы жағажай жағалауына шықты. Жануар күн сәулесінде шамамен 40 минут жылынып, содан кейін суға оралып, жүзіп кетті. Бұл ретте, жануардың саулығын және қандай да бір жарақат алмағаны туралы айтуға болады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Каспий теңізінің жағалау белдеуіне мониторингті күшейту тапсырылды. 2020 жылдан бастап Каспий итбалығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (ҚР Қызыл кітабы) енгізілгенін еске сала кетейік»,– делінген хабарламада.