Сенатор Булавкина Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті
Сенатор Булавкина Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті
242
оқылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында болды. Депутат Рулиха ауылындағы тауарлы-сүт фермасы мен  Пруггерово ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысымен танысты. Рулиха ауылында өткен кездесуде депутатқа тәулігіне майлылығы 5 пайызға жететін, 12 мың литр дейін сүт өндірілетін тауарлы-сүт фермасының қызметі туралы айтылды. Ұжымда 40-тан астам адам еңбек етеді. Шаруашылық мал азығымен өзін-өзі толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сенатор жалпы құны 464 миллион теңгеден асатын су құбырының құрылысы жүргізіліп жатқан Пруггерово ауылында да болды. Қазір құбырдың құрылысы аяқталуға жақын. Облысқа сапары барысында көтерілген түйткілді мәселелердің барлығын депутат бақылауда ұстауға уәде берді.