Көркем әдебиет рухты ұрпақ тәрбиелейді
Көркем әдебиет рухты ұрпақ тәрбиелейді
Жазушы Әлібек Асқаров көркем әдебиетке көңіл бөлу керектігін айтты. «AMANAT» партиясы жастар қанатының аты «Жастар рухы» болып өзгертіліп жатыр екен. Шынымен, жас қыз-жігіттердің рухын оятатын, соны серпін беретін, болашаққа бағыттайтын шаруалар атқарылатынына сенемін. Осы тұста кезінде кітапхананы, Кітап палатасын басқарған адам ретінде рухты ұрпақ тәрбиелеудің жолы деп көркем әдебиетке көбірек көңіл бөлу керектігін айтқым келеді. Мейлі ғалым, мейлі шахтер, мейлі инженер болсын, бәрібір кітап оқуы қажет. Технология, цифрландыру деген заманауи игіліктердің бәрін білу жақсы-ақ, бірақ көркем әдебиетпен сусындамасаң, «үлкен адам» боламын деу – бекершілік. Кезінде Қадыр Мырза-Әліден, Сағат Әшімбаевтан жалғасқан кітап жинау деген тамаша дәстүр бар еді. Қазіргі жастар да осындай құндылықтарға бет бұрса, тек қуанамын.