Алматы облысында 120-дан астам мұғалімнің дипломы жалған болып шықты
Алматы облысында 120-дан астам мұғалімнің дипломы жалған болып шықты
2,422
оқылды
Алматы облысында 120 мұғалімнің дипломы жалған болып шықты. Прокуратура органдарының тексерісі барысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан мұғалімдердің Сарқанд, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде  білім бергені белгілі болды. Олар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дипломдарын ұсынған.
«Көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», - делінген прокуратура хабарламасында.
Кінәсін мойындауына және "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 41 маманға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды, соңғылары білім беру органдарынан шеттетілді.