Алматыда есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатумен айналысқан екі азамат ұсталды. Операция барысында Алматы және ҚР басқа өңірлерінің аумағында Интернет арқылы «Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасап, өткізуді ұйымдастырған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«29 маусымда Алматы мен оның маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кг есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. «Қара нарықта» тәркіленген есірткі құралдарының құны жарты миллиардтан астам теңгеге бағаланады»,-деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеуге алынды.