Туған жерінің халқы толағай ұлын ұлықтап, ақбоз ат мінгізді

Туған жерінің халқы толағай ұлын ұлықтап, ақбоз ат мінгізді

Бүгін «Қазақстан барысы турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов туған жері – Қармақшы ауданында болып, құрмет құшағына бөленді. Жерлестері батыр ұлын орталық алаңда сән-салтанатпен қарсы алды. Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов аймақ мерейін асқақтатқан толағай тұлғалы Мақсат Исағабыловқа ауданның ең жоғары наградасы -  «Құрмет грамотасын» табыстады. Сондай-ақ өңір жұртшылығы атынан игі тілегін арнап, астына ақ боз ат мінгізді. Ал жеке бапкері Болатбек Кенеевке қаржылай сыйақы табыс етті. Өз кезегінде «Қазақстан барысы» додасының жеңімпазы Мақсат Исағабылов бозкілемдегі белдесу кезінде тілеулес болған барша аудан жұртшылығына алғысын білдіріп, алдағы жарыстарда да топ жаруға ниетті екенін жеткізді.

Ербақыт Жалғасбаев

Қызылорда облысы